Жүйке аурулары кафедрасы 1934 жылы Қазақ медицина институты құрамында ұйымдастырылды. Оның тұңғыш меңгерушiсi қызметiн 1934-1956 жылдар аралығында профессор Евсей Моисеевич Стеблов атқарады. Алғашқы кезде кафедраның құрамында бiр ассистент және бiр лаборант болды.
Профессор Стеблов Евсей Моисеевич (1934-1956 ж. кафедра меңгерушісі)
Кафедра негізі қаланғаннан ғылыми мәселесі Қазақстандағы жүйке жұқпалы аурулары: кене энцефалитi мен безгек энцефалиті, нейробруцеллез, тымаудағы жүйке жүйесінің зақымдануын зерттеу болып табылды. (ғылыми жетекшілері Е.М.Стеблов және М.Х.Фаризов).
Қазақстанда кене энцефалитінің табиғи ошақтарын зерттеу, эпидемиология ерекшеліктері, клиникалық ағымы мен нәтижесін зерттеу біздің республикамыздың тәжірибелік денсаулық сақтауда айқын маңызы бар. Кафедра қызметкерлерімен (Е.Л.Фалькова, М.С.Генина) анықталған кене энцефалиті бойынша клинико-эпидемиологиялық көрсеткіштер Қазақстан бойынша құрастырылған әдістемелік ұсыныстарда пайдаланылды.
Ұлы Отан соғысы жылдарында кафедра қызметкерлері (Е.М.Стеблов, Р.Г.Мандрыко, асс. Е.Л.Фалькова) медициналық дәрігерлік кадрларды дайындаумен қатар Алматы қаласында орналасқан тыл госпитальдеріне білікті кеңес беріп жүрді. Ал М.Х.Фаризов және кафедра ассистенті К.В.Андреева майдан шебіндегі госпитальдерде алғашқы қатарда қызмет атқарды. Олардың Отанға сіңген еңбектері тиісті құрмет белгілерімен марапатталды.
Кейіннен кафедраның кеңеюіне байланысты Евсей Моисеевич тәжірибелі оқытушылар ұжымын құрып, 5 медицина кандидаттарын дайындады.
Кафедрада профессор Е.М.Стебловтың ізін жалғастырушы профессор Мухаметжан Хакимович Фаризов (1957-1976жж.). Ол тәжірибелі клиницит, Ұлы Отан соғысына қатысқан ғылыми қызығушылығы кең адам болған.
Профессор Фаризов Мухаметжан Хакимович (1957 – 1976жж. кафедра меңгерушісі)
Бұдан әрі өмірдің талабы ми қантамырлары аурулары мәселесін алға тарты. Сол себепті 1960 жылдан бастап бұл мәселе кафедра қызметкерлерінің ғылыми зерттеулерінде ерекше орын ала бастады (ғылыми жетекшісі – М.Х.Фаризов). Кафедра қызметкерлерінің ғылыми жұмысы ми қантамырлары ауруларының таралымы және олардың пайда болуына генетикалық факторлардың тексеру жұмысы Мәскеудегі Ресей неврологиялық ғылыми зерттеу институтымен бірлесе жүргізіліп келді. Мухаметжан Хакимовичтің тікелей араласуымен республикада тұңғыш рет ми қантамырлары ауруларын емдеуге арналған бөлім ұйымдастырылды.
Қазақ мемлекеттік медицина университетінің жүйке аурулары кафедрасында қызмет атқарып, біздің елімізге және достастық мемлекеттерге танымал болған ғалым- невропатологтар бар. Доцент Р.Г.Мандрыко 24 жыл бойы (1951-1975 жылдар) Қарағанды мемлекеттік медицина инсттитутының, доцент З.М.Брянцева 5 жыл бойы (1975-1980 жылдар) Алматы қаласындағы дәрігерлердің білімін жетілдіру институты жүйке аурулары кафедрасын басқарды. Медицина ғылымдарының докторы И.И.Великанов Пятигорск қаласындағы курортология және физиотерапия институтында бөлім меңгерушісі болып қызмет атқарды. Б.А.Атчабаров медицина ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы ұлттық ғылым академиясының корреспонденті. Мамандар мен ғалым- невропатологтар даярлау саласында профессор А.П.Касаткинаның еңбегі ерекше. Ол 10 жылдай кафедра профессоры, ал соңғы 10 жыл бойы өмірінің соңына дейін Алматыдағы дәрігерлердің білімін жетілдіру институтында жүйке аурулары кафедрасын басқарды.
М.Х.Фаризовтың жетекшілігімен 7 кандидаттық, 1 докторлық диссертация дайындалды. М.Х.Фаризов 10 жылдай Қазақстан денсаулық сақтау министрлігінің ғылыми кеңесін басқарды, 15 жылдан аса «Здравоохранение Казахстана» журналының редакциялық ұжымына кірді.
1977-2000 жылдар аралығында кафедраны медицина ғылымдарының докторы профессор Смағұл Қайшыбайұлы Қайшыбаев басқарды. Кафедраның қалыптасуына байланысты оның клиникалық базасы да кеңее түсті.
Профессор Қайшыбаев Смағұл Қайшыбайұлы (1977 – 2000ж.ж. кафедра меңгерушісі)
1970-жылдардың соңынан бастап кафедра қызметкерлерінің ғылыми жұмыстарының нітижелері денсаулық сақтау тәжірибесінде кеңінен қолдау тапты. Ол заманда ми қан айналымы жедел бұзылыстарын анықтау үшін ми қантамырлары ангиографиясы, электромиография көмегімен «жасырын синкинезияны» анықтау әдісі, эхоэнцефалография пайдаланылатын. Осы мақсатта Республика Ғылыми академиясының корреспондент мүшесі Б.А.Атшабаровтың басшылығымен бас сүйек қуысы ішіндегі физикалық жағдайларды тексеру ңдісі кеңінен пайдаланылды. Инсультты дегидратациялық терапия көмегімен емдеудің тиімділігін анықтау үшін импеданстық бақылау әдісі қолданылды. Ми қан айналымының жедел бұзылыстарын емдеу үрдісінде инемен емдеу және оттегін гипербарлық әдіспен қолдану әдістері пайдаланылда.
С 1980 жылдан бастап ми қантамырлары ауруларының алғашқы кезеңдерінде кездесетін вегетативтік нерв жүйесі өзгерістері кеңінен зерттеле бастады. Бұл жұмыстар кардиология және өлкелік патология ғылыми зерттеу институттарымен шартты келісім бойынша жүргізілді.
1980 жылдардың соңынан бастап кафедра қызметкерлерімен жедел ми қан айналысы бұзылыстарын ерте диагностикалау және емдеу, бас ми жарақаттарын, диабеттік энцефалопатиялар сұрақтарын өңдеу белсенді іске аса бастады.
Ол уақытта кафедра қызметкерлері орталық қалалық клиникалық ауруханада, 1 қалалық клиникалық ауруханада, 7 қалалық клиникалық ауруханада және «Аксай» Республикалық балалар клиникалық ауруханасында, сондай-ақ облыстық аурухананың нейрохирургия бөлімдері негізінде қызмет атқарған.
2000 жылы кафедрада 19 қызметкер еңбек атқарды (1 кафедра меңгерушісі, 2 профессор, 3 доцент, 10 ассистент, 1 аға лаборант пен 2 лаборант).
Оқу-әдістемелік жұмыстар ол кезде емдеу, педиатрия, стоматология және санитарлық гигиена факультеттерінде өтетін. Кафедра қызмет істеген жылдарда невропатология маманы бойынша бірнеше ондаған мың студенттер, оннан көп клиникалық ординаторлар, стажерлар, 200 ден аса тәжірибелі клиницист неропатологтар дайындықтан өтті. Жалпы кафедра қызметкерлерінің 500 ден аса зерттеу жұмыстары жарық көрді. Кафедра құрылғаннан бастап 2000 жылға дейін басылым жұмыстарының жалпы саны 11 ғылыми еңбектер жинағы, 8 монография, 100 ден аса әдістемелік қсыныстар, 3 оқу құралы, 2 қазақ және орыс тілінде жазылған оқулықтар, неврологиялық терминдердің орысша қазақша сөздік баспасы басылып шықты, 10 нан аса авторлық куәлік, 30 дан рационализаторлық жолдамалар алынды.
Профессор М.Х.Фаризов невропатологтар мен психиатрлардың қоғамдық ұйымын ұйымдастырып, оны ұзақ жылдар бойы басқарды. Бқл қоғамды кейіннен профессор С.Қ.Қайшыбаев басқарды.
С.Қ. Қайшыбаевтың ғылыми-тәжірибелік қызметі ми қан айналымының бұзылыстарын емдеу мен диагностикалау әдістерін өңдеу мен ұйымдастырумен байланысты. С.Қ.Қайшыбаевтың жетекшілігімен 52 кандидаттық және 17 докторлық диссертация қорғалған. Шәкірттерінің бесеуі Республиканың медициналық ЖОО кафедраларды басқарады.
Ғылыми-педагогтық кадрларды дайындау мен ғылыми-тәжірибелік еңбектері үшін С.Қ. Қайшыбаев «За трудовую доблесть» (1967 ж.), «За доблестный труд в ознаменование 100-летия со дня рождения В.И.Ленина» (1970 ж.), «Отличник Здравоохранения СССР» белгісімен (1971ж.), Минвуза СССР (1981 ж.), Министерства Здравоохранения Казахской ССР (1985 г.), Минздрав СССР (1991 г.) құрмет грамотасымен және «10 лет независимости Республики Казахстан» (2001 ж.) мерейтой грамотасымен, «Заслуженный деятель РК» медальдарымен марапатталды.
Профессор С.К.Кайшибаевтың дәріс (1978 жыл)
Профессор Кайшибаев С.К., 1978 г. (ортада Қайшыбаев С.Қ.)
Жүйке аурулары кафедрасының ұжымы (1997 год)
2000-2004 жылдарда кафедра меңгерушiн мiндетiн медицина ғылымдарының докторы, профессор Болат Әменұлы Әбеуов атқарды. Ол кафедрада, 1 ҚКА базасында кафедра ғылым мен емдік-диагностикалық қызмет атқарды.
Профессор Абеуов Булат Аменович (зав. кафедрой с 2000 по 2004)
Профессор Әбеуов Болат Әменұлы (2000-2004 ж.ж. кафедра меңгерушісі)
Б.Ә.Әбеуов Қазақстан неврологтар Ассоциациясын ұйымдастырды. Профессор Әбеуов Б.А. ғылыми-педагогикалық жұмысын емдеу жұмысымен біріктіре білді, Алматы қаласының озық клиникаларында, шеткері медицина мекемелерінде де кеңес бере білді. Профессор Б.Ә.Әбеуов жетекшілігімен 1 докторлық, 10 кандидаттық диссертация қорғалды. Б.Ә.Әбеуов 120-дан аса ғылыми жұмыс басып шығарды, соның ішінде 4 монография және бірнеше әдістемелік құралдар. 5 ойлаптапқыштық патенті және 15 рациональды ұсыныстары үшін СССР ойлаптапқышы атағы берілді.
2004 жылдың қазан айынан 2018 жылға дейін С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университеті жүйке аурулары кафедрасының меңгерушісі м.ғ.д., профессор Нургужаев Еркын Смагулович болды. Көптеген жылдар бойы кафедра Алматы қаласы және жалпы Қазақстан Республикасы бойынша неврологиялық қызмет жұмысына зор үлес қосуда.
Профессор Нургужаев Еркын Смагулович
(кафедра меңгерушісі 2004 – 2016, 2017-2018гг)
Жүйке аурулары кафедрасының ғылыми-тәжірибелік қызметі басшысы профессор Е.С. Нургужаевпен цереброваскулярлы ауруларды, бас-ми жарақаттарын, перифериялық нерв жүйесінің ауруларын, жүйке жүйесінің миелинсіздену ауруларын, соматоневрологияны диагностикалау және емдеуді зерттеу және жаңа әдістерін енгізу және олардың нәтижелерін ғылыми-тәжірибелік конференцияларда қорытындылау болып табылады.
Профессор Нургужаев Е.С., ҚР неврологтары Ассоциациясының төрағасы, жүйелі түрде ғылымға және денсаулық сақтауға үлкен қызығушылық тудыратын ғылыми-тәжірибелік конференциялар ұйымдастырады. Кафедра қызметкерлері неврологиялық ғылымды халықаралық форумдар, конгрестерде, конференцияларда ұсынады. Оның жетекшілігімен 3 медицина ғылымдарының докторы, 12 медицина ғылымдарының кандидаты дайындалды. Айта кететін жайт, 2013 жылдың күзінде Еркебаева С.Б алғашқы рет философия (PhD) ғылымдарының докторы ғылыми атағына профессор Нургужаев Е.С. жетекшілігімен қорғалды.
2016 және 2017 жылдарда жүйке аурулары және нейрохирургия кафедрасының меңгерушісі профессор м.ғ.д. Жанайдаров Жанибек Срымович болды.
Профессор м.ғ.д. Жанайдаров Жанибек Срымович.
(кафедра меңгерушісі 2016 – 2017жж)
Жанайдаров Жанибек Срымович, медицина ғылымдарының докторы, жоғары дәрежелі нейрохирург, Алматы қаласының №7 қалалық клиникалық ауруханасы нейрохирургия бөлімшесінің жетекшісі. Қазіргі уақытта кафедра профессоры, нейрохирургия курсының меңгерушісі, Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасының нейрохирургия бөлімшесінің басшысы. Жайнадаров Ж.С. үздік кластағы нейрохирург, жүйке жүйесі патологияларындағы нейрохирургиялық оталардың барлығын халықаралық стандарттарға сәйкес дүниежүзілік деңгейде жасайды.
2018 жылдан және осы уақытта С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университеті жүйке аурулары кафедрасы нейрохирургия курсымен кафедрасының меңгерушісі Туруспекова Сауле Тлеубергеновна.
Профессор м.ғ.д. Туруспекова Сауле Тлеубергеновна
(2018 жылдан кафедра меңгерушісі)
Туруспекова Сауле Тлеубергеновна – профессор, медицина ғылымдарының докторы, жоғары дәрежелі дәрігер. Қазақстан Республикасы ғылым Министрлігі жас талантты ғалымдарға арналған Мемлекеттік стипендиясының Лауреаты. «Университет Мақтанышы» номинациясының иегері – белгі, куәлік, постамент Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау және медициналық ғылымға сіңген еңбегі үшін және университет имиджін нығайту еңбек аллеясында қойылған. «Жыл жетістігі» (2015) төстақпасымен марапатталған.
Қазақстандық ғарышкер Айдын Аимбетовтың жеке дәрігері.
“Қазақстандық ғарышкер ұшуы кезіндегі халықаралық космостық станцияда космостық зерттеулер және Қазақстан Республикасының эксперименттері»: – «Ағзаға табиғи радиациялық фон негізінде ионданушы гамма-сәулеленудің әсерін зерттеуде ғарышкерге космосқа ұшу фактораларының әсерін зерттеуа» (“Матрешка-Р”) бағдарламасы аясындағы халықаралық ҒТЖ мүшесі.
180-нен жоғары басылымдардың авторы, олардың қорытындылары Қазақстан, Ресей, Украина, Өзбекстан, Тажікстан, Қырғызстан, Болгария, Турция, Германия, Италия, Греция, Швейцария, Пуэрто Рико, АҚШ, Франция, Великобритания, Тайланд, Португалия, Венгрия, Дания, Испания, Индия, Австрия, Аргентина, Нидерланд, Польша, Швеция елдерінде халықаралық конференциялар мен конгрестерде баяндалған.
Қазақстан, ESO, WSO, EAN, AD/PD, Guidepoint Advisors, неврологтар лигасы, WFN неврологтар ассоциацияларының мүшесі.
Астраханьдік медициналық журнал редакциялық кеңесінің мүшесі, ISSN 1992-6499
«Клиникалық тәжірибе» редакционды коллегиялық журналының мүшесі (Ресей Федерациясы ФМБА) ISSN 2220-3095.
ҚҚ «Save Our Brain. Central Asia Research Fund» президенті.
Профессор Туруспекова С.Т. жүйке аурулары нейрохирургия курсымен кафедрасын басқара отырып үлкен ұйымдастырушылық қызмет атқаруда, бұл қасиетте алдыңғы жылдарда да ие болған. Кафедрада халықаралық қатынас, кафедраның ғылыми потенциалын көтеруде, студенттерге арналған, сонымен қатар оқытушыларға арналған әдістемелік материалдарды жаңартуда үлкен жұмыстар жасалуда.
Бүгінгі күндегі кафедраның профессор–оқытушылық құрамы:
Кафедра меңгерушісі м.ғ.д. Турупекова Сауле Тлеубергеновна,
Профессорлар: м.ғ.д. Нургужаев Еркын Смагулович, м.ғ.д. Раимкулов Бекмурат Наметович, м.ғ.д. Каменова Салтанат Уалихановна, м.ғ.д. Идрисова Жанат Рустемовна, м.ғ.д. Жанайдаров Жанибек Срымович.
Доценттер: м.ғ.к. Клипицкая Нина Константиновна, м.ғ.к. Избасарова Акмарал Шаймерденовна, м.ғ.к. Кальменева Ирина Мухамеджановна, м.ғ.к. Мухамбетова Гульнар Амерзаевна, м.ғ.к. Нуржанова Роза Балтабаевна, м.ғ.к. Атантаева Эльмира Балабековна, м.ғ.к. Кужыбаева Карлыгаш Кенжеахметовна, м.ғ.к. Сафина Светлана Габдульвалиевна, м.ғ.к. Митрохин Дмитрий Алексеевич
Ассистенттер: м.ғ.к. Илиев Ренат Туглукович, м.ғ.к. Нурлыбаева Гульназ Асхатовна, м.ғ.к. Нурмухамбетова Бакытгуль Рахимбековна, Ахметова Назгуль Сериковна, Сапарбаева Жанар Мамыровна, Смагулова Алия Рафиковна, Демесинова Баян Косболовна, Карчалова Айнур Мергалиевна, Жалгабаев Арман Елторевич, Кульмухаметов Абай Советбекович, Тян Валерий Кириллович, Маханбетжанова Раиса Алмаханбетовна, Султанова Дина Назарбаевна, Симбинова Адилям Нурахметовна және Кондыбаева Аида Муратовна.
Қазіргі уақытта жүйке аурулары кафедрасының клиникалық базалары «ҚКА №7» Алматы қ. ДБ ШЖҚ, «ҚКА №1» Алматы қ. ДБ ШЖҚ, «С.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ ішкі аурулар клиникасы», қалалық аурухана «Алатау», республикалық балалар реабилитациялық орталығы «Балбұлақ», Ақсай университеттік клииникасы, ЖЖБА, АККА, БКҚА №2, БҚЖАА.
Жүйке ауруалры кафедрасында 2011 жылға дейін сызықты және кредитті бойынша келесі пән бойынша білім берілді: 3, 4, 5, 6 курс студенттеріне 051106 «Шығыс медицинасы» мамандығы бойынша; 5 курс студенттеріне 051301 «Жалпы медицина» мамандығынан «Неврология» пәні бойынша; 5 курс студенттеріне 051101 «Емдеу ісі» мамандығы бойынша (МОББС-2005) «Неврология»; 3 курс студенттеріне «Стоматология» мамандығына «Неврология» пәні бойынша. 2009 оқу жылынан бастап 2013 жылға дейін 2 курс студенттері 051101 «Мейірбикелік іс» мамандығы «Неврологиядағы мейірбикелік іс» пәні бойынша білім алды.
Болондық декларацияны қабылдаған соң университет сатылы түрде оқытудың жаңа түріне көшті. 2012 жылдан бастап жүйке аурулары кафедрасында кредиттік жүйе бойынша (бакалавриат) 5 курс студенттеріне 051301 «Жалпы медицина» мамандығы «Неврология» пәнінен және 4 курс студенттеріне «Стоматология» мамандығы бойынша білім беріледі.
2011-2012 оқу жылында кафедраның білікті клиницисті және педагогы доцент м.ғ.к. Кальменева И.М. жетекшілігімен алғашқы 10 резидент «Невропатология, соның ішінде балалар» мамандығы бойынша тәмамдап шықты және Қазақстан Республикасының емдеу медициналық мекемелерінде жұмыстарын жалғастырды.
2012-2013 оқу жылында кафедра профессоры Раимкулов Б.Н. жетекшілігімен 9 резидент-невропатолог тәмамдап шықты. 2013-2014 оқу жылында резилент-невропатологтарға кафедра доценті м.ғ.к. Мухамбетова Г.А. жауапты болды.
2013 жылдың көктемінде біздің резидент-невропатологтар халықаралық қатынас аясында Минск қаласы университет базасында цикл өтті (профессор Пономарев В.В., Беларусь Республикасы).
Университеттің және профессор Туруспекова С.Т. қарым-қатынастарының арқасында 2018 жылдың 5-сі мен 9 қараша аралығында кафедрада Молдова республикасы Nicolae Testemitanu атындағы Медицина және Фармация университетінен визитинг-профессор Vitalie Lisnic оқыту бағдарламасын өткізді, қорытындысы ретінде университет арасындағы қарым-қатынас туралы меморандумға қол қойылды. Визитинг-профессор Vitalie Lisnic қорытындысы бойынша бірлескен ғылыми зерттеулер, бірлескен оқыту жобаларын, сонымен қатар студенттер мен оқытушылар арасындағы академиялық мобильділік өткізу күтіледі.
Жүйке аурулары кафедрасының қызметкерлері тұрақты түрде тәжірибелік денсаулық сақтау мекемелерімен қарым-қатынаста жұмыс істейді, базалық клиникаларда емдеу жұмысын жүргізеді, барлық бөлімше науқастарын сәйкес білікті деңгейде неврологиялық консультациямен қамтамасыз етеді. Кафедраның барлық қызметкерлері тұрақты түрде университеттің қоғамдық өміріне белсенді түрде қатысады.
Қазақ ұлттық медицина университеті жүйке аурулары кафедрасының ұйымдастырылуымен Қазақстан Республикасындағы невропатологияның дамуы тікелей байланысты, олардан ең бастысы – жоғары білікті дәрігерлерді дайындау – Қазақстанның барлық облыстарына арналған мамандар дайындау, білікті жоғары мектеп педагогтарын және кең ой-саналы ғалымдар-неврологтар тәрбиелеу.