«ЖАЛПЫ МЕДИЦИНА» ФАКУЛЬТЕТІ СТУДЕНТТІК ДЕКАНАТ БІРІНШІ КУРС СТУДЕНТТЕРІНЕ АРНАЛҒАН ҚОСЫМША САБАҚТАР ЖҮРГІЗУДЕ.
Бірінші курс студенттеріне арналған жоғарғы курс студенттерінен күрделі пәндерден қосымша сабақтар жүргізу бойынша жұмыстар ұйымдастырылуда.
21.11.2015 №1 жатақхана оқу бөлмесінде “Молекулалық биология және генетка” пәнінен түсіндірме сабақтары жүргізілді.
Студент-лектор: Садыков Ренат Балталиевич
Сіздердің өтініштеріңізге орай 28-29.11.2015 күндері “Қалыпты анатомия” пәні бойынша қосымша түсіндірме сабағы өткізіледі.
Нақтылық үшін алдын-ала жазылыңыздар! Сіз үшін қиын әрі түсініксіз болған тақырыбыңызды жазсаңыздар! Себебі тақырып күрделігіне байланысты сабақ анатомиялық музейде өткізілуі мүмкін.
Студент-лектор: Иманбакиев Руфат
Студенттердің өзін–өзі басқаруын дамыту бөлімі