2018-2019 оқу жылында келесі іс – шаралар өткізілді:
- “Рухани жаңғыру” бағдарламасын жүзеге асыру аясында кафедрада 5 және 6 курс студенттерінің қатысуымен “Рухани жаңғыру – ұрпақтардың дара жолы” атты тақырыпта ашық сабақ өтті.
2. Кафедрада Қазақстанның тарихы мен дамуына үлкен үлес қосқан ұлы адамдардың фотосуреттері мен өмірбаяндары жазылған фотостенд құрылған.
3. Студенттермен бірге ұлттық мерекелерге арналған іс – шаралар өткізіледі: “ҚР Тұңғыш Президенті күні”, “ҚР Тәуелсіздік күні”, “Әз Наурыз -2019”.
4. Жыл сайын кафедрада ҚР Президентінің Жолдауына арналған іс-шаралар өткізіледі. 2019 жылдың қыркүйек айының 2-ші күнгі “Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы” тақырыбында кафедрада 16 қыркүйек күні дөңгелек үстел өткізілді. Студенттер, интерндер, резиденттер және ПОҚ қатысты.
5. Сонымен қатар кафедрада С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-нің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты тақырыбына үнемі танысу сұхбаттары мен семинарлар өткізіледі.
6. Профессорлық-оқытушылар құрамы үнемі кезекшілік кестесіне сәйкес жетекшілік ететін жатақханада кезекшілік атқарады, оқу залында студенттермен бөлмелерде тазалық пен тәртіпті сақтау, құқық бұзушылық фактілерінің алдын алу бойынша, ПОҚ тарапынан студенттерді әлеуметтік және психологиялық бейімдеу және қолдау тақырыбына әңгіме өткізіледі.
7. Кафедра оқытушылары студенттер және 1-ші оқу жылындағы резиденттермен бірге С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ тарихы мұражайына барып, С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дың өмірбаяндары, оның еңбектері және біздің университеттің дамуы мен қалыптасуындағы маңызды рөлі туралы деректі фильм көрді.
8. Алматыдағы 2019 марафонына еріктілер ретінде студенттермен бірге қатыстық.
Профессор-оқытушылар құрамы үнемі студенттермен келесі әңгімелерді өткізеді:
- тұрақты өзін – өзі дамытудың маңыздылығы туралы,
- өз кәсіби дағдыларын жақсартуға ұмтылу туралы,
- медицинадағы этика және деонтология туралы,
- шет тілдерін білу, шетел әдебиетін оқу қажеттілігі туралы,
- мамандардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін халықаралық олимпиадалар мен конференцияларға қатысудың маңыздылығы туралы.