Кафедрадағы тәрбие жұмысы университеттің тәрбие жұмысының жоспарына сәйкес жүргізіледі. Студенттер кафедраның тарихымен танысады, этика және деонтология, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат, қайырымдылық акциялары бойынша әңгімелер жүргізіліп, оқу үдерісі барысында студенттердің оқу үлгерімін, тәртібін, жеке жауапкершілігін арттыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Кафедра оқытушылары жас дәрігерлермен жалпы білімдік, кәсіби деңгейлерін көтеруге ұдайы жұмыс жасауда.
- Ұстаздар күніне арналған іс-шараға қатысу және өткізу: «Ұстазға тағзым».
- Дәстүрлі отбасылық құндылықтарды нығайту бойынша іс-шара өткізу: «Отбасы күні».
- Дөңгелек үстел: «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ», «Таза сессия».
- ҚазҰМУ-нің -«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағдарламасын» жүзеге асыру.
- Ұлттық және мемлекеттік мерекелерге арналған іс-шараларға қатысу: «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні».
- Талқылау және түсіндіру шаралары – Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Ж.Тоқаевтың жолдаулары.
- Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шараларға қатысу – «Рухани жағыру».
- Денсаулық сақтау және денсаулық сақтау мамандарымен кездесулер: академик Т.Ш. Шарманов, профессор Н.А. Каюпова, профессор В.Н.Локшин.
- «Игі істер эстафетасы» аясында іс-шаралар өткізу
- «Жасөспірім қыздардың жыныстық тәрбиесі», «Қыздардың жеке гигиенасы ережесі», «Аборттың қауіпі туралы» тақырыпта әңгімелер жүргізу. Контрацепцияның заманауи әдістері».
- Нашақорлықтың, алкоголизм мен темекі шегудің алдын алу, сондай-ақ салауатты өмір салтын насихаттау жөніндегі іс-шараларға қатысу және өткізу. Жастар арасындағы нашақорлықтың алдын алу.
- «Дүниежүзілік СПИД-ке қарсы күрес», «Есірткіге жол жоқ» тақырыбында дөңгелек үстел, конференция өткізу.
- «Салауатты өмір салты – жастардың мақсаты».
- Қайырымдылық көмекті ұйымдастыру: «Мейірімді жүрек» бағдарламасы бойынша «Сәбилер үйіне» бару.
2022 жылдың 10 желтоқсанында «АИТВ-инфекциясының өзекті мәселелері» тақырыбында конференция өтті.
12.04.2022 профессор Н.М. Мамедалиеваның мерейтойына арналған «Дәрігер – аңыз» конференциясы өтті.
18.01.2023 ж «Бөбек» гимназиясында 8, 9, 10, 11 сынып оқушыларына «Репродуктивті денсаулық. ЖЖБИ» дәріс өткізілді.
2023 жылдың 28 ақпанында «Акушерлік және гинекология» кафедрасында «Ана болу бақыты», «Тұрмыстық зорлық-зомбылық» атты отбасы құндылықтары және рухани-адамгершілік тәрбие тақырыбында конференция өтті. Конференцияда отбасы құндылықтарына арналған студенттер дайындаған ананың отбасындағы рөлі туралы көрініс көрсетілді.
Сондай-ақ конференцияда «Жүктілікті жоспарлау», «Жүктілік кезіндегі күтім», «Постнатальды депрессия және оны шешу жолдары», «Тұрмыстық зорлық-зомбылық, алдын алу және қамқорлық орталықтары» атты өзекті мәселелер бойынша баяндамалар талқыланды.