Құрметті әріптестер!
Жалпы иммунология кафедрасы сіздерді Абу-Даби, БАӘ, Аль-Айн, Біріккен Араб университеті Медицина және денсаулық ғылымдары колледжінің профессоры, Махидол университеті, Сирирадж ауруханасы, радиология бөлімінің доценті, Бангкок, Таиланд; Уэйн мемлекеттік университетінің инженерлік колледжі, Детройт, Мичиган, биомедициналық инженерия кафедрасының доценті, PhD Геловани Юрий Георгиевичтің дәрістер курсына шақырамыз.
Өткізілетін күні мен уақыты –1 және 2 желтоқсан 2022 жыл, сағат 10.00-ден 13.00-ге дейін.
Өтетін орны – С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ Даңқ залы
«Иммунология және қатерлі ісік иммунотерапиясының жетістіктері» тақырыбындағы дәріс бағдарламасы.
01.12.2022
Тақырып – Ісіктің иммундық жауаптан құтылу механизмдері. Қатерлі ісік иммунотерапиясының емдік мақсаттары, биомаркерлері. Қатерлі ісік иммунотерапиясындағы заманауи тәсілдер.
02.12.2022
Тақырып – Қатерлі ісіктердің иммунотерапиясының молекулярлық-генетикалық бейнелеуі. Ісік иммунотерапиясымен біріктірілген радиотерапия. Онколитикалық вирустық терапия мен онкоиммунотерапияның комбинациясы.