2022 жылғы 22 қарашада С. Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ қызметкерлерімен бірге, №2 жалпы дәрігерлік практика кафедрасы, профессор Д. Ж. Мақсұтова, ассистент А. М. Жукембаева ЖМ 7 курс16-054,16-56,16-55 топ интерндерімен бірлесіп, №5 Қалалық емхана ШЖҚ МКК базасында “Тіл – мемлекеттің негізі”тақырыбында конференция өткізді. Интерн М. Турданова баяндама жасады. Баяндамада қазіргі және тәуелсіз мемлекет туралы тұтас бейнені қалыптастыру үшін аумақ, тіл және бірлік қажет екенін айтып өтті. Мемлекет басшысы атап өткендей, Қазақстанның әрбір азаматы қазақ тілін білуі керек.