1931 жылы қазақ медицина институты ашылып, сол жылы 125 қыз бен жігіт бірінші, әрі жалғыз емдеу факультетінің студенті атанды. 2012 жылға дейін ол университетіміздің жетекші факультеті болып келді. Ол кезде студенттер бар жоғы 10 кафедрада: қалыпты анатомия, гитология, гигиена, химия, физика, биология, диалектикалық материализм, саяси экономия, қазақ тілі, дене шынықтыру кафедраларында ғана оқыды.
Жас факультеттегі оқу үрдісін тиімді ұйымдастыруда көп күш-жігер жұмсап, уақытын бөлген ір-ғалым профессорлар: Н.С.Баккал, П.О.Исаев, А.М. Малинин,, П.Т.Очкур, С.М.Сидоров, В.В.Зикеев, М.Н.Литвиновтар.
Институттың алғашқы 66 түлегі 1936 жылы бітіріп шығып, жаңа өмірге жолдама алды.Олардың көбі кейіннен медицина институтының кафедраларын басқарды. Солардың ішінен К.И. Ибраев, Х.М. Мусабаев (денсаулық сақтау министрінің орынбасары), К.Д.Утегенова, Х.Н.Чуваковтарды ерекше атап өтеуге болады.
Емдеу факультетінің кешегі майдангерлерінің көпшілігі уақыт өте келе белгілі ғалымдар, денсаулық сақтауды ұйымдастырушылар болды: Атчабаров Б.А., Архангельский Д.С., Карынбаев С.Р., Гзуля Ф.И., Макашев К.К., Кучин Н.И., Терликбаев А.А., Балмуханов С.Б., Чокие А.Р., Сидоренко Е.Ф., Брякие М.И., Беклемишев И.П.
1936-1940 жылдары дәрігер-емдеуші дипломына 534 студент ие болды. Соғыс жылдарында медицина иститутында мамандарды дайындау жеделдетілген әдіспен жүргізіліп, 2000-ға жуық дәрігерлерді дайындап шығарды. Олардың көпшілігі майданның алғы шебінде, тылдағы госпитальдарда және басқа да медициналық орындарда еңбек етті.
1931-1940 жылға дейін факультетте оқу ісімен қатар үлкен ғылыми-зерттеу жұмыстары да жүргізілді. Осы жылдарда 12 докторлық және 34 кандидаттық дессертация қорғалды.
1940 жылы 600 студенті бар Алматы медицина институты 120 оқытушылық ұжымынан құралған ірі оқу орнына айналды.
Кафедра меңгерушілері: Исаев П. О. (анатомия кафедрасы), Ильин-Какуев (Биохимия кафедрасы), Баккал И.С. (факультеттік терапия кафедрасы), Барлыбаев Х. А. (терапия кафедрасы), Зикеев В. В. (хирургия кафедрасы), ), Сызганов А.Н. (жалпы хирургия кафедрасы), Сидоров С. Н. (Сот медицинасы кафедрасы), Рощин В.П. (көз аурулары кафедрасы), Полосухин А.П. (қалыпты физиология кафедрасы), Малинин А.И. (акушерия және гинекология кафедрасы), Телятников С.И. (терапия кафедрасы), Вульпе И.Н. (ішкі аурулар пропедевтикасы кафедрасы).
Институт түлектерінің арасында Кеңес Одағының батырлары Машук Маметов пен Владимир Иваниловтың есімі ешқашан ұмытылмайды. Олар емдеу факультетінің студенттері қатарынан болған.
Факультеттің алғашқы деканы болып профессор Ш.Саметов (1931-1936) тағайындалды. Университет жұмыс істеген жылдар ішінде 20 декан ауысып, олардың әрқайсысы факультеттің қалыптасуы мен дамуына елеулі үлес қосты.
Олар белгілі ғалымдар, талантты ұйымдастырушылар және жоғары білікті педагогтар болды: Ермолаев С.П. (1937-1942), Полосухин А.П. (1942-1976), Вознесенский Г.Е. (1946-1948), Рощин В.Г. (1948-1950), Верболович П.А. (1950-1954), Сидоров С.М. (1954-1958), Нугманов М.Н. (1958-1960), Кириличева А.В. (1960-1962), Чокин А.Р. (1962-1963), Сергазин А.Г. (1963-1968), Сатпаева Х.К. (1969-1981), Михайлов Б.С. (1981-1984), Кайшибаев С.К. (1984-1986), Тогайбаев А.А. (1986-1987), Плешкова С.М. (1987-1992), Казымбет П.К. (1992-1995), Есенкулов А.Е. (1995-2000), Урумбаева К.У. (2000-2006), Балмуханова А.В. (2006-2012).
Осы жылдар ішінде факультет Қазақстанның барлық аймақтарында және одан тыс жерлерде жұмыс істейтін 15000-нан астам жоғары білікті мамандарды дайындап шығарды.
Факультет түлектерінің арасында төрт Социалистік Еңбек ері бар: Гилаев М.Г., нуржанова Р.Н., Алибеков М.А., Исмагулов Н.Г.
ҚР Үкіметінің 2006 жылғы 24 сәуірдегі № 317 қаулысымен Қазақстан Республикасында медициналық және фармацевтикалық білім беруді реформалау тұжырымдамасы қабылданды. Қабылданған тұжырымдамаға сәйкес жоғары медициналық білімі бар мамандарды даярлау “Жалпы медицина”мамандығы бойынша базалық медициналық білім беру шеңберінде көзделген. “Жалпы медицина” мамандығы бойынша дәрігерлерді дайындау үшін мемлекеттік білім беру стандарты дайындалды, онда түлектің негізгі құзыреттері белгіленді.
2007 жылы университетке “Жалпы медицина”мамандығы бойынша алғашқы студенттерді қабылдау қабылданды. Оқу үрдісіне МЖМБС-ның жаңа буынын енгізу және жүзеге асыру үшін “Жалпы медицина”факультеті құрылды.
2007 жылы факультетте қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде 1300 студент, сондай-ақ жеделдетілген бөлімде “Емдеу ісі” мамандығы бойынша 52 студент оқыды. “Жалпы медицина” мамандығы бойынша білім беру үдерісін ұйымдастыру үшін ректордың 2.09.2007 ж. № 874-л бұйрығымен Жалпы медицина факультетінің деканаты құрылды.
2008-2009 оқу жылында университетте алғаш рет студенттік өзін-өзі басқару өз жұмысын бастады.
Мектептің/факультеттің бірінші кезектегі міндеттері Білім берудің, ғылыми зерттеулердің және клиникалық қызметтің бірлігі, поливалентті білім беру, академиялық ұтқырлық, пәнаралық тәсілдер негізінде студенттердің клиникалық ойлауын ынталандыру болып табылады.
Мектептің/факультеттің миссиясы-бұл құзыреттілік тәсіл негізінде әлемдік стандарттарға сәйкес келетін жоғары білікті бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау.