«Құқықбұзушылық, теріс қылық, қылмыс» тақырыбында білім алушылармен өткізілген «кураторлық сағаттың» есебі

13.11.2025 ж «№2 ЖПД» кафедрасының эдвайзерлері мен кураторлары  онлайн және офлайн форматта білім алушылармен семинар өткізді.
Қатысушылар: ЖМ 20-13, 20-14, 20-15, 20-16, 20-11;
Жауапты оқытушылар: Сейдинова А.Ш., Нурланова З.А.

Іс-шараның мақсаты: білімалушылардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру, құқықбұзушылық, теріс қылық және қылмыс түсініктерінің айырмашылықтарын түсіндіру, сондай-ақ жеке жауапкершілікті сезіндіру.

Міндеттері:

-Студенттерді құқықбұзушылық түрлерімен таныстыру.

-Теріс қылық пен қылмыстың айырмашылығын түсіндіру.

-Құқыққа қайшы әрекеттердің құқықтық және әлеуметтік салдарларын көрсету.

-Күнделікті өмірде құқыққа сай әрекет ету дағдыларын қалыптастыру.

-Студенттердің құқықтық білім деңгейін көтеру.

  Іс-шараның өту барысы

Кіріспе бөлім:Оқытушы іс-шараның тақырыбын таныстырып, оның өзектілігін түсіндірді. Жастар арасындағы жиі кездесетін құқықбұзушылықтар жөнінде мысалдар мен деректер келтірілді.

Ақпараттық бөлім:

  • Студенттерге негізгі ұғымдардың анықтамалары берілді.
    құқықбұзушылық – құқыққа қайшы, кінәлі әрекет;
    теріс қылық – қоғамға қауіптілігі төмен құқықбұзушылық (әкімшілік, тәртіптік, азаматтық);
    қылмыс – Қылмыстық кодекспен белгіленген қауіпті әрекет.
    Сондай-ақ тәртіптік, әкімшілік, азаматтық және қылмыстық жауапкершілік түрлері талқыланды.

 «Қателіктің құны» тақырыбында пікірталас: Студенттер жастардың неге құқыққа қайшы әрекеттер жасайтыны және оны азайту жолдары туралы өз ойларын білдірді. Пікірталасқа студенттердің басым бөлігі қатысты.

Қорытынды бөлім: Жеке жауапкершілік, заңды сақтау маңыздылығы және құқықбұзушылықтың салдары туралы қорытынды жасалды. Оқытушы студенттердің сұрақтарына жауап берді.

Нәтижелері: Студенттер құқықбұзушылық, теріс қылық және қылмыс арасындағы айырмашылықтарды нақты түсінді.
– Құқықтық сауаттылық деңгейі артты.
– Құқықтық жағдаяттарды талдау дағдылары дамыды.
– Заңды сақтау ынтасы күшейді.
– Студенттер белсенділік танытып, тақырыпқа қызығушылық білдірді.