Жұқпалы және тропикалық аурулар кафедрасы мен Жалпы дәрігерлік тәжірибе кафедрасының ПОҚ-ы 29.01.2020 жылы МӘМС жүзеге асыру саласында студенттер арасында «Вакцинация: «Келісемін» және «Келіспеймін» атты дебат форматындағы конферециясын өткізді. Дебатқа «Жалпы медицина» мамандығының 034 – 1 және 032 – 1 топ студенттері қатысты. Дебаттар бірнеше кезеңмен өтті. Жюри құрамында кафедра меңгерушісі, профессор Дүйсенова А.Қ., еңбегін сіңірген дәрігер-инфекционист Дербиалина Ж.А., «Жалпы медицина» мамандығының интерндері Меліс А. и Адалқызы Ш. кірді.
Студенттер жұқпалы аурулар мен оларды алдын алу бойынша жақсы білімдерін, өз пікірін дәлелдеу қабілетін көрсетті. Тыңдаушылар, соның арасында интерндер, вакцинация сұрақтарын талдауға белсенді түрде қатысты. Сонымен қатар, короновирусты инфекцияны алдын алу және эпидемияға қарсы шаралар туралы сұрақтар қарастырылды.