«Күлімдеші» қайырымдылық акциясының есебі

2024 жылдың 22 ақпанында С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ, №2 ЖДТ кафедра жетекшісі, профессор А.Э. Миреева, профессор  Д.Ж. Максутова және асс. А.М. Жукембаеваның ұйымдастыруымен ШЖҚ РМҚ «Қазақстан Республикасының Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығының» балалар бөлімшесінде, қайырымдылық акциясы өткізілді. Акцияға м.ғ.к Л.А. Нурсеитова, проф. К.К. Орынбасарова, доц. З.Г. Давлетгильдеева, доц. Е.Т. Кошербеков, магистр К.С. Латкина, доц. Ж.С. Аманкулова, PhD Л.Б. Дюсенова  , магистр Соколова Л.Ю., к.м.н. Смагулова А.Б., магистр Жадыкова А.Ж., доц. Г.А. Ахмеджанова, доц. А.Б. Данышбаева, асс. И.А. Жетписбаева, асс. К.Б. Таджибаева, асс Е.Ш. Кушербаева, асс. А.Ж.   Дуйсенбаева және 6 курстың 56 топ интерн-дәрігерлері қатысты.

Іс-шара барысында бронх-өкпе жүйесі дертінен ұзақ ем қабылдап жатқан бүлдіршіндерге интеллектуалды үстел ойындары мен денешынықтыруға арналған ойыншықтар сыйға тартылды, медицина қызметкерлерімен сұхбат жүргізілді, сонымен қатар балалардың күтімі, тамақтануы және оңалтуы бойынша ұсыныстар берілді.