№2 ЖДП кафедрасының клиникалық базаларында «Шылым шегудің және нашақорлықтың алдын алу» тақырыбында профилактикалық іс-шара өткізілді

Өткізілген күні: 17 қараша, 2025ж.
Қатысушылар: эдвайзерлер – Нурланова З.А., Сейдинова А.Ш., Ясаков И.С;

Кураторлар – Соколова Л.Ю., Оспанбекова А.К., Дуйсенбаева А.Ж., Мәденбай К.М., Михалек И.Н.

ЖМ 20-009, 010, 011, 012, 013, 014, 015, 016; ЖМ 19-017, 025, 064, 065; GM-081 топтарының білім алушылары;

  1. Іс-шараның мақсаты

Іс-шараның мақсаты – шылым шегудің және есірткі қолданудың зияны туралы түсінік қалыптастыру, олардың салдары жөнінде білім деңгейін арттыру және жастардың салауатты өмір салтын ұстануына мотивация беру.

  1. Спикерлер іс-шараның тақырыбы мен мақсатын таныстырып, жастар арасында шылым шегу мен есірткі қолдану мәселесінің өзектілігін атап өтті. Қысқаша статистикалық деректер келтіріліп, ерте алдын алу жолдарының маңыздылығы айтылды.

2.1. «Шылым шегу» ақпараттық блогы

Спикеркелесі мәселелер бойынша ақпарат ұсынды:

  • темекі түтінінің және никотин өнімдерінің құрамы;
  • дәстүрлі сигареттердің, электронды сигареттердің, вейптердің және никотин құрылғыларының зияны;
  • никотиннің жүрекке, өкпеге, қан тамырларына және жүйке жүйесіне әсері;
  • жасөспірімдер мен жастарда тәуелділіктің тез қалыптасу қаупі;
  • пассивті темекі тартудың салдары.

2.2. «Нашақорлық» ақпараттық блогы

Қатысушыларға төмендегі мәселелер қамтылған презентация көрсетілді:

  • «есірткіге тәуелділік» ұғымы;
  • есірткі топтары және олардың әсер ету механизмі;
  • есірткінің миға, мінез-құлыққа және жалпы денсаулыққа әсері;
  • заманауи синтетикалық есірткілердің ерекшеліктері;
  • қолданудың әлеуметтік және құқықтық салдары.

2.3.  Интерактивті бөлім

Темекі шегу мен есірткіні қолдануға деген көзқарасты анықтау үшін сауалнама жүргізілді. Жасөспірімдер кездесуі мүмкін өмірлік жағдайлар талқыланып, қысымға қарсы тұру жолдары түсіндірілді.

3.Қорытынды

Іс-шара өз мақсатына жетті және жоғары деңгейде өтті. Қатысушылар маңызды ақпарат алып, салауатты өмір салтын ұстануға ынталанды. Бұл іс-шара жастар арасында зиянды әдеттердің алдын алуға оң әсерін тигізеді.