Кафедра тарихы: Ревматология кафедрасы 2019 жылдың тамыз айында құрылды.
Қазіргі таңда кафедра қызметкерлері м.ғ.д., профессор Исаева Б.Г. басшылығымен жүйелі қызыл жегі, жүйелі склеродермия, ревматоидты артрит, спондилоартриттер (анкилоздаушы спондилит, псориаздық артрит) бойынша ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізуде.
Профессор Исаева Б.Г. басшылығымен БҒМ №AP05134328 «Жүйелі қызыл жегімен науқастардың профилінің сипатын анықтау, ұлттық регистрді жасау және персонилизденген терапиясын енгізу» тақырыбында ғылыми жоба орындалуда, 2018 – 2020жж.
Профессор Исаева Б.Г. редакциясымен 2019жылы күзде «Жүйелі қызыл жегі: Қазақстанда таралуы, регистр, диагностика, белсенділік және орган зақымдалу индекстері және терапияның негізгі принциптері сұрақтары» атты әдістемелік нұсқау жарық көрді. Әдістемелік нұсқаулар/Б.Г. Исаева, М.М. Сапарбаева, М.П. Бижанова. – Алматы, 2019, 48б.
«Жүйелі қызыл жегімен науқастар үшін регистрдің электронды версиясын енгізу әдістері» акті енгізілген, соған сәйкес ҚазҰМУ ішкі аурулар орталығы және ҚРО науқастарды тексеру жүргізілуде.
Кафедра ПМҚ емдік жүктемені КЕАҚ «С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ» ішкі аурулар орталығы және ШЖҚ КМК «Қалалық ревматология орталығында» жүргізеді: бөлімде науқастарды курациялау, амбулаторлы қарау, консультативті-емханалық бөлімше кеңес беру, стационарда науқастарды қарау, қиын науқастардың консилиумына үнемі қатысады, летальді жағдайлар бойынша талқылау комиссияларына қатысады.
Кафедра құрамы ҚР ревматикалық аурулардың диагностикасы мен емі бойынша клиникалық протоколдардың құрастырушысы болып табылады; ревматоидты артрит пен анкилоздаушы спондилоартритпен науқастарға гендік-инженерлік биологиялық терапия тағайындау бойынша комиссияның құрамына кіреді.
Профессор Исаева Б.Г. «Ревматологтардың тәуелсіз қоғамы» БҚ төрайымы, ҚР ДМ медициналық қызмет сапасы бойынша біріккен комиссия мүшесі,ШЖҚ КМК«Қалалық ревматология орталығы» Бақылаушы Кеңес төрайымы, Қалалық перзентхана №1, 4, ШЖҚ КМК «Қалалық емхана №13» Бақылау Кеңесінің мүшесі болып табылады.
Кафедра нағыз клиникалық тәжірибеге ревматикалық аурулардың диагностикасы мен емінің жоғары технологиялық әдістерін енгізумен белсенді түрде айналысады.
Кафедра ревматолог дәрігерлерге мамандығын жетілдіру курстарын жүргізеді- «Ревматикалық аурулардың жергілікті инъекциялық терапиясы».
Ревматология кафедрасы ревматолог дәрігерлерге, терапевттерге, ЖТД-лерге арналған Мектептің инициаторы мен ұйымдастырушысы болып табылады. Ревматологтардың қысқы мектебі «Университет күндері» аясында өтеді». Кафедра қызметкерлері баяндаушы және тыңдаушы ретінде ғылыми-тәжірибелік конференцияларға үнемі қатысады. Кафедраның жас қызметкерлері жас ғалымдар конкурсына қатысады.
Тәрбие жұмысын кафедра қызметкерлері ҚазҰМУ даму стратегиясына сәйкес бағытта жүргізіледі: үлгерімдерін бақылау, моральдік және рухани, патриоттық және идеологиялық, профессионалды және хұқықтық тәрбие, салауатты өмір салтын насихаттау.