Кафедра тарихы

Ішкі аурулар кафедрасы – 2019 жылы №1, №2 және №3 ішкі аурулар кафедраларының біріктірілуі нәтижесінде құрылған Ұлттық Медицина Университетінің жас кафедрасы.

  • Ішкі аурулар кафедрасы №1 2003 жылы медицина ғылымдарының докторы, профессор Тукешева Б.Ш. басшылығымен ұйымдастырылды. 2015–2016 оқу жылында кафедраны профессор Курманова Г.М. басқарды. 2016 жылғы 3 қазандағы ректордың бұйрығына сәйкес, ҚазҰМУ-де қайта құрылымдау барысында кафедралар/модульдерді оңтайландыру мақсатында біріктіру жүргізіліп, кафедра меңгерушісі болып Садыкова Ш.С. тағайындалды. 2018 жылдың қыркүйегінен кафедра меңгерушісі қызметін медицина ғылымдарының кандидаты Сугралиев Ахметжан Бегалиевич атқарып келеді.
  • Ішкі аурулар кафедрасы №2 2016 жылы келесі кафедралардың негізінде құрылды:
  1. 1991 жылы құрылған терапия бойынша интернатура және резидентура кафедрасы №1. Ұзақ жылдар бойы кафедраны профессор Полимбетов Дулат Сейтжанович басқарды, 2013 жылдан бастап кафедраны профессор Беркимбаев С.Ф. басқарды;
  2. Терапия бойынша интернатура және резидентура кафедрасы №2 – Университеттің ең көне клиникалық кафедраларының бірі. Ол 1938 жылы госпитальдық терапия кафедрасы ретінде құрылды. 1952 жылдан бірнеше жылдар бойы кафедраны алғашқы қазақ әйелі – профессор, терапевт, медицина ғылымдарының докторы, Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген ғылым қайраткері Сатпаева Райхан Абикеевна басқарды. 2003 жылдан кафедраны медицина ғылымдарының докторы, профессор Айдарғалиева Н.Е. басқарды;
  3. Терапия бойынша интернатура және резидентура кафедрасы №3 – 1980 жылы госпитальдық терапия кафедрасы №2 ретінде ұйымдастырылды. 2012 жылға дейін кафедраны медицина ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері Даулетбакова Марьям Ильясовна басқарды.

2012 жылдан бастап кафедраны медицина ғылымдарының докторы, профессор, терапевт–дәрігер, «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау саласының үздігі» — Искаков Бауржан Самикович басқарды.

  • Ішкі аурулар кафедрасы №3 2016 жылы интернатура және резидентура кафедрасы №2, нефрология, спорттық медицина, клиникалық-диагностикалық зертханалар кафедралары негізінде құрылды. Ұйымдастырылған кезден бастап кафедраны медицина ғылымдарының докторы, профессор Айдарғалиева Н.Е. басқарды, 2018 жылдан – медицина ғылымдарының кандидаты Машкунова Ольга Васильевна

«Ішкі аурулар» кафедрасының меңгерушісі – профессор, Еуропалық кардиологтар қоғамының тромбоз бойынша жұмыс тобының мүшесі, жүрек жеткіліксіздігі жөніндегі жұмыс тобының мүшесі – Сугралиев Ахметжан Бегалиевич.

Қазіргі уақытта кафедрада 5 профессор, 11 доцент, 9 ассистент жұмыс істейді.

Кафедраның 9 негізгі клиникалық базасы бар, олардың барлығы жетекші көпсалалы клиникалар болып табылады:

  • Қалалық кардиология орталығы
  • Қалалық шұғыл медициналық жәрдем көрсету ауруханасы
  • Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институты
  • №7 қалалық клиникалық аурухана
  • №4 қалалық клиникалық аурухана
  • Орталық қалалық клиникалық аурухана
  • Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасы
  • №1 қалалық клиникалық аурухана
  • №5 қалалық клиникалық аурухана

Кафедра дәрігерлерді кәсіби даярлаудың жетекші әдістемелік орталықтарының бірі болды және болып қала береді. Кафедрада жауапкершілігі жоғары, құзыретті дәрігер қалыптастыру, оқу процесінің тәжірибелік бағытын күшейту, өзіндік білім алуды дамыту, клиникалық ойлау қабілетін жетілдіру бойынша жұмыс жүргізіледі.

Кафедра қызметкерлері клиникалық мамандықтар бойынша да, педагогикалық шеберлік бойынша да білім деңгейін үздіксіз арттырып отырады.