26 Қазан 2022ж. Т.Шарманов атындағы Даңқ залында медицина ғылымдарының докторы, Ph.D – Эдуардо Кортина Андрадамен «Биоэтика және жаңа дәрігер – пациенттік қарым-қатынас» тақырыбында Философия бойынша қонақтық дәріс өтті.
Кездесуге ЖММ-2нің 5 курс студенттері мен Стоматология мектебінің 1 курс студенттері және Фармация мектебінің 2 курс студенттері қатысты. Шақырылған қонақтар м.ғ.д., профессор Асимов М.А., коммуникациялық дағдылар кафедрасының меңгерушісі м.ғ.к., доцент Багиярова Ф.А.
Дәріскер Ph.D – Эдуардо Кортина Андрада биоэтиканың жаңа мүмкіндіктері мен нұсқалары; Биоэтика және адам құқығы туралы Жалпыға бірдей Декларация, Адамзаттың биік жетістіктері және тағы басқа проблемалар туралы егжей-тегжейлі ашып айтты. Биоэтика проблемалары, атап айтқанда дәрігер-пациенттің қарым-қатынасы университет студенттерінің қызығушылығын тудырды және бүкіл аудиторияның үлкен ықыласына ие болды. Студенттер өздерін қызықтыратын бірқатар сұрақтарын қойды.
Қонақтық дәрісті ұйымдастырушы Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасы.