(KAZ) 2024 жылдың 21 қарашасында «Үштілділік» тақырыбында «№2 Жалпы дәрігерлерлік тәжірибе» кафедрасының клиникалық базаларында дөңгелек үстелдер өткізілді

Sorry, this entry is only available in KAZ and Russian.

 

Дөңгелек үстелге кафедра оқытушылары: С.Е.Еркенова, З.А. Нурланова, М.А. Сайжанова, А.Ш. Сейдинова ұйымдастыруымен, сондай-ақ 7 курс ОМ 18-046, GM 18-097, GM 18-087, GM 18-101 топтарының білімалушылары қатысты.
Бүгінгі таңда қазақстандық қоғам қазақстандықтардың қазақ, орыс және ағылшын тілдерін дамытуға бағытталған үштілділік саясатын жүргізуде.
Үштілділік саясаты ана тілін ұмытуды талап етпейді, керісінше қазақ тілін бірінші орынға көтереді.
Қазақстандағы тіл саясатының мақсаты – республиканың әлемдік қауымдастыққа бірігуі және соның нәтижесінде ғылымның, медицинаның, экономиканың және елдің әлеуметтік-мәдени құрамдас бөлігінің өрлеуі. Үш тілде білім беруді енгізу қазақ халқын барлық маңызды салаларда әлемдік аренада бәсекеге қабілетті етуге тиіс.
Білімалушылар презентация түрінде баяндама дайындады, баяндамада үштілділікті оқыту мен тәжірибеге енгізу, медицинада үштілді білім беру бағдарламаларын дамытуға байланысты мүмкіндіктер мен қиындықтар талқыланды.
Үштілділікті саналы, сауатты және дұрыс енгізу бізге кез келген ортаға коммуникативті бейімделуге мүмкіндік береді.