Қатысқандар: кафедраның профессорлық оқытушылар құрамы 627, 628, 629 топ интерн дәрігерлері
1. ТЫНДАЛДЫ: тәрбие жұмысына жауапты кафедраның ассистенті Абдрешова А.А.: Сыбайлас жемқорлық ел экономикасының көтерілуіне үлкен кедергі келтіріп отырған қоғамымыздың ең басты қауіп – қатерлерінің бірі болып табылады. Сондықтанда оны болдырмау, алдын-алу мақсатында елімізде көптеген іс-шаралар жоспарланып, жүзеге асырылуда. Алайда, жемқорлықпен күрес барысы күн сайын қарқын алып келеді дегенімізбен, жегі құртқа айналған осы бір қатерлі дерттен бойын аулақ ұстағысы келмейтіндердің қатары да уақыт өткен сайын көбейе түсуде.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев 2012 жылы желтоқсан айында халыққа жолдауында Мемлекет пен қоғам жемқорлыққа қарсы күресетін бір күш болуға тиіс.
Жемқорлық – жай құқық бұзушылық емес. Ол мемлекеттің тиімділігіне деген сенімді шетінетеді және ұлттық қауіпсіздікке төнген тікелей қатер болып саналады дей келе, Біздің түпкі мақсатымыз – жемқорлықты құбылыс ретінде жою үшін жемқорлыққа қарсы заңнамаларды жетілдіру арқылы жемқорлықпен күресті қатты күшейтуіміз керек деген болатын.
Бүгінгі таңда, жоғарғы оқу орыдарында да жемқорлық белгілері белең алуда. Ал онымен күресудің жолдарын бірге қарастырайық.
Тыңдалды 627 топтың интерн-дәрігері Аугамбаева К. «СЫБАЙЛАС-ЖЕМҚОРЛЫҚ» реферат мәлімдеді.
Сұрақтар бергендер: Алимкулова А.,Таждинова А.
Интерн дәрігерлер арасында сауалнама жүргізіліп, пікір талас өтті. Әр интерн дәрігерге өзінің антикоррупциялық іс шара жоспарын құру жайында ұсыныс жасалды. Сондай ақ сол жоспарларының жүзеге асуына не кедергі болуы мүмкін, ондай жағдайда қандай шаралар қолдану қажет деген сұрақтар қойылды. Осындай пікір талас нәтижесінде әр интерн дәрігер өзінің коммуникативті дағдыларын көрсетіп, өмірге деген бейімділігін көрсете білді.