19 сәуір күні С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ «Наурыз» мейрамын атап өтті. Университет ректоры проф. А.А. Аканов «Әз- Наурыз» жыл басы көктем мерекесінің келуімен жиналған қауымды құттықтап сөз сөйледі. Мейрамға университеттің барлық кафедра және әкімшілік қызметкерлері келіп, мерекелік концертті тамашалап, мерекелік дастарханнан дәм татты. Ішкі аурулар пропедевтикасы кафедрасының профессорлық- оқытушылық құрамы ішкі аурулар департаментінің мерекелік дастархан ұйымдастыруына қатысып, мерекелік концертті тамашалады.