С. Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дың Молекулалық биология және Генетика кафедрасының тьюторлары Танеева Гүлжан Төленбекқыз және Қыдырбаева Әсем Қияшқызы ұйымдастыруымен ЖМ 2 курс 12(1)-12(2);15(1)-15(2), Жалпы медицина факультетінің 1-2 курс студенттерінің қатысуымен 23-сәуір 2014 жылы «ШЫҒЫС ШЫНАРЫ ӘЛИЯ МОЛДАҒҰЛОВАҒА – 90 ЖЫЛ» атты еске алу кеш өтті.
Кешке кафедра оқытушылары және студенттер қатысты. Кеш барысында, Елбасы Н.Назарбаевтың «Қазақстан – 2050» Стратегиясы-қалыптасқан мемлекеттің саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауындағы «Жаңақазақстандық патриотизм» тарауына айрықша тоқталдық. Еліміздің барлық азаматтары ұлтына, нәсіліне қарамастан теңқұқылы және олардың Отан намысы алдындағы жалпы жауапкершілігі де ортақ екенін ерекше атап өтті. Қай заманда болмасын адамзат алдында тұрған ұлы мұрат-міндеттердің еңбастысы өзінің ісін, өмірін жалғастыратын салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу болып табылады. Кеште Ерен ерлігімен тарих беттеріне есімі алтын әріппен өрілген Қазақтың қаһарманқызы, КеңесОдағының Батыры ӘЛИЯ МОЛДАҒҰЛОВАНЫҢ өмірі мен соғыс жылдары туралы, халқы үшін ерен еңбегі туралы баяндамалар оқылды. Әлия турлы көрініс қойылды. «Әлия» әні шырқалды.
Сонымен қатар еске алу кешінде қамтылған тақырыптар:Отанын сүю және азаматтығын мақтан тұту; өз отанының болашағы үшін, мамандығы үшін қызмет ету, ана тілін жетік меңгеріп сүйе білу халқының салт – дәсүрін, ерекшеліктерін білу, дінге, тарихи мұраларға құрметпен қарау, өз отандастарына, сондай – ақ басқа ұлт өкілдеріне адамгершілік көзқарас білдіру болды.
Бүгінгі әлем таныған Қазақстанның тәуелсіздігін көздің қарашығындай қорғау – әрбір азаматтың парызы. Өмір бар жерде Талас – тартыстың болмай тұрмайтыны сияқты, ерлік өлшемі Отанды, досты, болашақты Әлияша сүюден басталады.
Әлия – өмір ерліктерден құралған,
Тарихүшін қас – қағым сәт мұң алған.
Сан ұрпақтар үлгі етеді оны әлі,
Ерлігімен елдің атын шығарған.
Қорытындылай айтқанда кеш студенттеріміздің отанға деген сүйіспеншілігін, жүректеріндегі патриоттық сезімдерін оятты.
Тьюторларымыз аға оқытушы Танеева Гүлжан Төленбекқызы және оқытушы Қыдырбаева Әсем Қияшқызына алғысымызды білдіреміз!