Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Қазақ География қоғамы Антарктидаға «Тәуелсіздік Полюсы» атты ғылыми-зерттеу экспедициясын жасақтаған еді.
Аталған экспедиция Қазақстан халқы Ассамблеясының қолдауымен жүргізілді. Экспедицияны ұйымдастыруғаҚазақ География қоғамы,басты серіктес – «Байтерек»холдингі, серіктестер – Назарбаев Университеті, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ және С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ ат салысты.
2016 жылы 1 желтоқсанда басталған экспедицияның басты мақсаты Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25жылдығына орайоңтүстік поляр аймағындағы мұз құрсауында жатқан Антарктида құрлығынжүздеген шақырым жерді шаңғымен жүріп өтіп, Винсон (биіктігі 4892 м.) шыңына Қазақстан Республикасының мемлекеттік туын тігу болып табылды. Сонымен қатар, экология, биология саласында және қатаң табиғаттағы адам физиологиясын зерттеу де экспедицияның жоспарына кірді.
Экспедиция құрамына Қазақ Географияқоғамының аймақтық өкілділігінің жетекшісі Мағжан Сағымбаев, альпинистер Ильяс Ғалымбеков және Юрий Юшин, жас ғалым Әлия Ерназарова және С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің жалпы гигиена және экология кафедрасының оқытушысы Арман Баймұхамедовпен бірге «Жалпы медицина» факультетінің 6 курс интерні, оқу озаты, ҚР Президенті стипендиясының иегері Дәулет Шәріпов кірді. Дәулет экспедицияның дәрігері қызметін атқарды және жас ғалым ретінде ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізді.
Экспедиция мүшелері алдына қойған мақсатын толық орындап, 2017 жылы 11 қаңтарында Алматы қаласының әуежайына келіп қонды. Университетіміздің атынан экспедицияға қатысқан батырларымызды қарсы алуға Студенттермен жұмыс жүргізу басқармасының қызметкерлерінің жетекшілігіменЖалпы медицина факультетінің қызметкерлері, студенттері қатысты.
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына орай жасалған бұл іс-шараға біздің университетіміздің оқытушысы мен интерні ат салысқанын біз мақтан тұтамыз. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев: «Бұл — тәуелсіздікті нығайту жолындағы өлшеусіз еңбегіміздің ширек ғасырлық белесін қорытындылайтын мерейлі сәт. Тәуелсіздікті баянды ету оған қол жеткізуден де қиын. Мемлекеттігіміздің тұғырын мызғымастай нығайта түсу үшін бізге әлі талай өткелі күрделі, өкпегі көп бұралаң жолдардан өтуге тура келеді»,- деп айтқанын еске ала отырып, осы кезеңде кездесетін сындардан өтуде және елімізді көркейтуде жастардың қосар үлесі зор екеніне сенімдіміз.
Жалпы медицина факультеті