13.11.2025 ж «№2 ЖПД» кафедрасының эдвайзерлері мен кураторлары онлайн және офлайн форматта білім алушылармен семинар өткізді.
Қатысушылар: ЖМ 20-13, 20-14, 20-15, 20-16, 20-11;
Жауапты оқытушылар: Сейдинова А.Ш., Нурланова З.А.
Іс-шараның мақсаты: білімалушылардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру, құқықбұзушылық, теріс қылық және қылмыс түсініктерінің айырмашылықтарын түсіндіру, сондай-ақ жеке жауапкершілікті сезіндіру.
Міндеттері:
-Студенттерді құқықбұзушылық түрлерімен таныстыру.
-Теріс қылық пен қылмыстың айырмашылығын түсіндіру.
-Құқыққа қайшы әрекеттердің құқықтық және әлеуметтік салдарларын көрсету.
-Күнделікті өмірде құқыққа сай әрекет ету дағдыларын қалыптастыру.
-Студенттердің құқықтық білім деңгейін көтеру.
Іс-шараның өту барысы
Кіріспе бөлім:Оқытушы іс-шараның тақырыбын таныстырып, оның өзектілігін түсіндірді. Жастар арасындағы жиі кездесетін құқықбұзушылықтар жөнінде мысалдар мен деректер келтірілді.
Ақпараттық бөлім:
- Студенттерге негізгі ұғымдардың анықтамалары берілді.
– құқықбұзушылық – құқыққа қайшы, кінәлі әрекет;
– теріс қылық – қоғамға қауіптілігі төмен құқықбұзушылық (әкімшілік, тәртіптік, азаматтық);
– қылмыс – Қылмыстық кодекспен белгіленген қауіпті әрекет.
Сондай-ақ тәртіптік, әкімшілік, азаматтық және қылмыстық жауапкершілік түрлері талқыланды.
«Қателіктің құны» тақырыбында пікірталас: Студенттер жастардың неге құқыққа қайшы әрекеттер жасайтыны және оны азайту жолдары туралы өз ойларын білдірді. Пікірталасқа студенттердің басым бөлігі қатысты.
Қорытынды бөлім: Жеке жауапкершілік, заңды сақтау маңыздылығы және құқықбұзушылықтың салдары туралы қорытынды жасалды. Оқытушы студенттердің сұрақтарына жауап берді.
Нәтижелері: Студенттер құқықбұзушылық, теріс қылық және қылмыс арасындағы айырмашылықтарды нақты түсінді.
– Құқықтық сауаттылық деңгейі артты.
– Құқықтық жағдаяттарды талдау дағдылары дамыды.
– Заңды сақтау ынтасы күшейді.
– Студенттер белсенділік танытып, тақырыпқа қызығушылық білдірді.







