2023 жылдың 19 қазанында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында №2 ЖДТ кафедрасының клиникалық базаларында «Аңыз-дәрігер» тақырыбында дөңгелек үстелдер өткізілді.
Дөңгелек үстелді кафедраның оқытушылары: М.Қ. Әкімжан, А.М. Жукембаева, К.Б. Таджибаева, А.А. Ахметов пен 7 курстың ЖМ 17-040, 083, 038, 096, 011, 113 топ интерндері өткізді. Интерндер баяндамаларды презентация түрінде дайындады. Баяндамада медицина саласында еңбек сіңірген, ғылыми жаңалықтар ашқан дәрігерлер жайлы ақпараттар айтылды және де медицина саласында ғылыми жаңалықтар ашқан ғалымдардың еңбек жолдары талқыланды.
Дөңгелек үстелдің негізгі мақсаты – білімалушылар арасында тұлғалық дамуды қалыптастыру және дамыту, болашақта медицина саласында отандық ғылымды дамытуға деген көзқарасты және жауапкершілікті қалыптастыру.
Шара соңында қатысушылар өз ой-пікірлерін білдіріп, отандық медицинаның өсіп-өркендеуіне, көптеген ғылыми жаңалықтардың ашылуына тілектерін білдірді.