«Жемқорлық – індет, күресу – міндет»
Адам бойында жемқорлық пен парақорлық – біткен қасиет емес, ол –сананың улануынан болатын жабыспалы дерт.
Қазіргі күнде әлемде білімді ұрпақ орнына – дәрменсіз, білікті маманның орнына – пәрменсіз парақор азаматтар мен азаматшаларды даярлап жүрген жоқпыз ба деген ой туындауда. Білім саласындағы сыбайлас жемқорлықтың көзін түбегейлі жоюды әр адам өзінен бастауы керек.
Осыған байланысты ҚазҰМУ иммунология кафедрасы «жалпы медицина» факультетінің 3 курс студенттерінің қатысуымен «Жемқорлыққа жол жоқ» атты акция өткізді.
Лауазымды үстемдікті пайдаланып, біреуден бір тиын артық алу да, өз бас пайдасы үшін біреуге артық бір тиын беру де жемқорлық болып табылатынын студенттер санасына жеткізбек болған Ережеп Айгерім мен Махаббат Жамағат сынды студенттеріміз Ата Заңымыздан жемқорлыққа байланысты тарауларды оқып, есімізде жаңғыртқан соң жарыс басталдыі. Аталмыш іс-шараға студенттер өздерінің нағыз қылқалам шеберлерінен кем түспейтін шығармаларымен қоса тақырыпты айқындай түсуге көмегі тиетін сүрет және фото- коллаждарды даярлап, өлеңдерің арнап, көрермендер мен әділ қазы алқаларына ұсынды.
Төрешілер өз шемімін шығарғанша, Амантай Сана ойластырып әкелген тақырыпқа сай ойынды ойнатып, студенттердің жемқорлық жайлы шынайы ойларын білдірді.
Іс-шараға қатысқан топтар келесі орындарға ие болды:
Гран-при иегерлері – 15-01 топ (Сайфуллаева Аягөз, Амантай Жазира)
I орын – 14-01 топ (Тезекбай Жұлдыз, Аронова Арайлым)
II орын – 13-02 топ (Ережеп Айкерім, Джаманбаева Балжан, Зайырбек Сымбат, Ақанова Динара), 16-01 топ (Байтұрсынова Айғаным)
III орын – 13-01 топ (Махаббат Жамағат, Дүйсенбай Әділет, Жумашева Асия), 14-02 топ (Мұса Аяулым), 15-02 топ (Мусирова Таншолпан, Аманова Жазира), 16-02 топ (Бектұрғанов Қасымхан).