(KAZ) Білім алушыларға психологиялық / әлеуметтік қолдау

Sorry, this entry is only available in KAZ and Russian.

2025 жылдың 19 қыркүйегінде ЖПД-2 кафедрасының клиникалық базаларында эдвайзерлер Нұрланова З.А., Сейдинова А.Ш., Ясаков И.С. ЖМ 20-010, 011, 012; ЖМ 20-014, 015, 016; GM-081 топтарының білім алушыларымен кездесу өткізді.

Іс-шараның мақсаты: Білім алушыларға психологиялық және әлеуметтік қолдау көрсету, өзін-өзі реттеу, күйзеліске төзімділік және ұжымда конструктивті қарым-қатынас орнату дағдыларын қалыптастыру.

Іс-шараның міндеттері: Білім алушыларды университетіміздің психологиялық қызметінің жұмысы мен мүмкіндіктерімен таныстыру; Студенттердің психологиялық сауаттылық деңгейін арттыру; Күйзеліс жағдайларында өзіне көмек көрсету дағдыларын қалыптастыру; Студенттік ортада сенімді қарым-қатынас пен өзара қолдау атмосферасын дамытуға ықпал ету.

Іс-шара барысында психологиялық қызметтің негізгі бағыттары мен жеке және топтық кеңес алу тәртібі туралы қысқаша ақпарат берілді. Студенттер оқу үдерісіне байланысты өзекті қиындықтарды талқылауға белсенді қатысты. Эмоционалды күйіп кетудің алдын алу және психикалық денсаулықты сақтау бойынша ұсыныстар берілді.