Ақпараттық коммуникациялық технологиялар кафедрасының мегерушісі, доцент Ажибекова Жанар Жұбандыққызын кафедра ұжымы МЕРЕЙЛІ ТУЫЛҒАН КҮНІМЕН құттықтайды

Ақпараттық коммуникациялық технологиялар кафедрасының мегерушісі,
доцент Ажибекова Жанар Жұбандыққызын
кафедра ұжымы МЕРЕЙЛІ ТУЫЛҒАН КҮНІМЕН құттықтайды

 

 Сізді туған күніңізбен шын жүректен құттықтай отырып,
кіршіксіз көңілден шыққан ізгі тілектерімізді жолдаймыз!
Біліктілігіңіз бен іскерлігіңізді орайлы ұштастыра отырып,
білім беру ісіне сүбелі үлесіңізді аянбай қосып келесіз.
Ұжымда адал еңбеккер, ортасына сыйлы басшы, отбасында мейірбан ана бола білген өзіңіздей абзал жанға  осындай қуанышты күні ғұмырыңыз ұзағынан, көрер қуанышыңыз молынан болсын деп тілейміз.

Сізге ақ ниетпен қартаймас жайдары көңіл,
мәнді де мағыналы өмір, жемісті еңбек пен сарқылмас қуат тілейміз. Жүзіңіз күндей күлімдеп, жүрегіңіз жаздай жайнасын, жанарыңыздан әрдайым нұр себелеп, жаныңыз шаттыққа кенелсін. Шаңырағыңызға шаттық ұялап, босағаңыздан қызық-қуаныш арылмасын демекпіз!

Тілек білдіруші:  Кафедра ұжымының қызметкерлері