Молекулалық биология және генетика кафедрасының тьютрлары Г.Т. Танеева, Қ.Е. Жүзжан, М.Ж. Жұмағұл және оқытушылардың ұйымдастыруымен Жалпы медицина факультетінің студенттері арасында «Сыбайлас жемқорлық пен күресу – ортақ парызымыз» атты пікір-алмасу кеші болып өтті. Бұл кешке кафедраның меңгерушісі Е.Ө. Қуандықов пен кафедраның оқытушылары және ректордың көмекшісі М.В. Қуанышев пен студенттердің әлеуметтік – мәдени құзіретін дамыту департаментінің әлеумет танушысы А.С. Тілепберген қатысты.
Студенттер — қоғамның әрбір мүшесі сонымен қатар Қазақстанның әрбір азаматы жемқорлықты түйткілді түбірімен жоюға белсенді түрде араласуы міндетті екенін пікір алмасу барысында көз жеткізді.
Студенттер өз ойларын еркін жеткізіп:
Нұрлы жүзді, иман көзді жастарым,
Жемқорлыққа бұрылмасын бастарың…дей отырып барлық жиналған жастарға саналы үндеу тастады: