Патофизиологтардың Қазақстандық мәртебенің негізін қалаушысы – ғалым, ҚазСРО ғылымына еңбегі сіңген қайраткер, м.ғ.д., профессор Осип Сергеевич Глозманға – 115 жыл.
Осип Сергеевич 1900 жылдың 7 ақпанында Вильнюс қаласында тіс дәрігері отбасында дүниеге келген. Ата-анасынан ерте айырылған ол әпкесі мен ағасының қамқорлығында қалған. 1917 жылы Осип Сергеевич Саратов ерлер гимназиясын күміс медальмен, 1922 жылы –Саратов университетінің медициналық факультетін тәмамдады. Университетті бітірген соң темір жолда учаскелік дәрігер болып қызмет атқарды, ал 1925 — 1930 жылдар аралығында – Саратов қаласында темір жол жүйесінің зертханасы мен емдеу мекемесінде жұмыс істеді. 1925 жылы Саратов университеті жалпы патология кафедрасына штаттан тыс ассистент ретінде конкурспен қабылданды, 1929 жылы осы кафедрасының ассистенті болып бекітілді. 1930 жылы О.С. Глозман аспирантураны мерзімінен бұрын бітіріп, патофизиология кафедрасының аға ассистенті, сосын доценті болды. 1932 жылдан 1946 жылдарда Осип Сергеевич Саратов университеті жалпы патофизиология кафедрасынбасқарды.
1935 жылы О.С. Глозманға ғылым кандидаты ғылыми атағы диссертация қорғамай –ақ берілді. 1937 жылы Осип Сергеевич «Материалы к учению о гематоэнцефалическом барьере» тақырыбына докторлықдиссертация қорғады.
1939 жылы Осип Сергеевич Саратов қалалық Кеңесінің депутаты болып сайланды. Ұлы Отан соғысы кезінде Саратов қаласының қорғанысында медициналық институттың комиссары, Саратовтағы халық майданы бөлігінің комиссары бола жүріп, жарақат алды. Соғыс кезінде ол жарақаттанғандарға 35 рет (9 литр) қан тапсырғаны үшін «ССРО атақты доноры» белгісімен марапатталды.
1946 жылы профессор О.С. Глозман Алма-Атыға ауысып, медициналық институттың патологиялық физиология кафедрасын басқарды.Соғыстан кейінгі кезеңдерде Осип Сергеевичтің төтенше жағдайлар, сілейме, қауырт қансырау, әртүрлі уыттанулар патофизиологиясына арнаған ғылыми зерттеулері ерекше өзекті мәселе болды. Профессор О.С. Глозманның ғылыми зерттеулерінің ерекше сипаты оның клиникамен тығыз байланыстылығы және практикалық бағыттылығы болып табылды.
Профессор О.С. Глозманның басшылығымен кафедра қызметкерлері организмді уытсыздантырудың белсенді әдістері: қан алмастыру, гемодиализ, перитонеальды диализ, кайшы қанайналымы, дренаждау, ликворды ауыстыру операцияларын жасады. Кафедрада ғылыми зерттеулерді жүргізу үшін «Жасанды бүйрек» зертханасы ұйымдастырылды, 60-ыншы жылдары зертхана меңгерушілері болып Пак Петр Александрович (1962-1964), Зелинская Анна Аркадьевна (1965), дәрігер-биохимик Немолчев Владимир Иванович (1965-1966), Завалишина Лидия Ивановна (1965), Проничева Людмила Владимировна (1966-1968), Кривозуб (Курашвили) Людмила Васильевна (1966-1969), Назаренко Наталья Михайловна (1968-1969) ж.б. қызмет жасады.
Профессор О.С. Глозман және оның оқушылары жануарларда қанды жартылай және толық ауыстыру операцияларының патофизиологиялық негізін, техникасын және әдісін алғаш рет өңдеді. 1949 жылдан бері ССРО –да қанды ауыстыру әдісі алғаш рет Алматы қаласының ауруханаларында қолданылды. 1962 жылы Алматы қаласының клиникаларында иіс газымен, белена, сулема, әртүрлі дәрілік заттармен уланған, сонымен бірге уремия және жаңатуылғандардың гемолиздік ауруларын емдеу мақсатында 325-тен аса қан ауыстыру операциясы қолданылды.
Профессор О.С. Глозман –100-ден аса ғылыми еңбектердің, оның ішінде 4 монографияның (А.П. Касаткинамен бірігіп) авторы:
- Полное замещение и обменное переливание крови как методы экспериментальной терапии.- М.: изд-во и тип. АМН СССР, 1950. — 148 с.
- Современные методы активной терапии острых токсикозов.- М.: Медгиз, 1959. — 278 с.
- Замещение крови. – Алма-Ата: Казгосиздат, 1963. — 211с.
- Детоксикационная терапия при острых отравлениях и аутоинтоксикациях.– Ташкент: «Медицина», — 320 с.
Соңғы еңбегі күрделі және токсикология негіздері бойынша нұсқау болып табылады.
Профессор О.С. Глозман патологиялық физиологияның дамуында айқын үлес қосты, соның арқасында еліміздің патофизиологтары оны мойындады. Патологиялық физиология организмнің функциялық патологиясы, И.И.Мечниковтың ғылыми ұрпағы ретіндегі маңызы туралы нұсқаулықта (М., 1966ж) баяндалған денсаулық пен ауру туралы түсінігін жалпы халық мойындады.
1960 жылы Осип Сергеевич Мадридтегі халықаралық медициналық конгреске делегат болды, ал 1963 жылы – Болгарияда ұлттық конгресте қан құю туралы баяндама жасады. Көптеген жылдар бойы Алматы медицина институтында студенттердің ғылыми қоғамы мен философиялық семинарын басқарды.
Кафедра меңгерушілік қызметін атқара отырып, профессор О.С.Глозман әр жылдарда аймақтық патология институтының ғылым жөніндегі директорының орынбасары, ҚазСРО Денсаулық сақтау Министрлігінің төрағасы, патофизиологтардың Республикалық қоғамының төрағасы, педиатрия факультетінің деканы, Республикалық геронтология қоғамының төрағасы, Бүкілодақтық геронтология қоғамының басқармасының мүшесі, патологтардың Республикалық қоғамы төрағасының орынбасары, «Патологическая физиология и экспериментальная терапия» журнал Редакциялық кеңесінің мүшесі болды.
Осип Сергеевич үздіклектор болды. Оның дәрістері тереңдігімен, мазмұндылығымен, анықтығымен, түсініктілігімен студенттерді ғана емес, қала дәрігерлерін де қызықтырды. Осип Сергеевич жоғары білімді болды, ағылшын, француз, неміс тілдерін білді.
Қызмет атқарған кездері профессор О.С. Глозман «Құрмет белгісі» орденімен (1941), Ұлы Отан соғысындағы «Қажырлы еңбегі үшін» медалімен (1947), «ССРО құрметті доноры» белгісімен (1945), «Денсаулық сақтау үздігі» кеуде белгісімен (1956), ҚазСРО Жоғарғы кеңесінің 2 мәрте Мақтау қағазымен, Қалалық кеңес және басқа қоғамдық ұйымдар мақтау қағаздарымен марапатталды. «ҚазСРО ғылымының еңбегі сіңген қызметкері»атағына ие болды.
Қазақстанда жұмыс жасаған кездері профессор О.С. Глозманның басшылығымен 3 ғылым докторы және 22 ғылым кандидаты дайындалып, патофизиологтардың алматылық мектебі құрылды.