Гистология кафедрасында Жалпы медицина факультетінің 2 курсы ЖМ15-16-01қ, ЖМ15-16-02қ, ЖМ15-19-01қ, ЖМ15-19-02қ топтар студенттерінің ұйымдастыруымен 2017 жылдың 7 наурыз күні сағат 11.00 де «Асыл ана» атты кеш ұйымдастырылды. Кеште дүниедегі ең үлкен құрметке лайық жандарымыз Асыл аналарымызға арнап студенттер тарапынан ән айтып, өлең оқып, би билеп, күй ойнап және көрермендер көңілін көтеру мақсатында ойын да ұйымдастырылды. Кеш барысында қойған қойылымдардан алған әсерден көрермендердің сезімдері де әртүрлі болды. Кеш барысында қатысқан оқытушылар кештің жоғары деңгейде өткізілгендігін айтып жатты. Ұйымдастырушылар тарапынан алға қойылған мақсат, студенттерге аз да болса аналарымызды құрметтеп сыйлауға ой тастау болатын.
Ұйымдастырушылар гистология кафедрасының
оқытушылары Ф.Д. Алсеитова, А.Т.Абжаппарова